Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4427 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 16:14

Қазақстан мектептерінде ағылшын тіліндегі пәндер көбейеді

Қазақтанның білім және ғылым министрі мектептердегі пәндерді ағылшын тілінде оқыту "ата-аналардың келісімі" бойынша жүретінін мәлімдеді. Бұл туралы Ерлан Сағадиев бүгін Алматыда ұстаздар қауымымен кездесуінде айтты.

 

2018 жылдан бастап билік мектептердегі жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытуды көздеп отыр. Ал "Қазақстан тарихы" пәні жоғарғы сыныптарда - қазақ тілінде, "Дүниежүзі тарихы" - орыс тілінде оқытылады.

 

"Биыл күзде жүздеген жаңа сынып ағылшын тілінде оқи бастайды. Қазір 2 700 оқытушы 120-дан астам мектепте ағылшын тілінде оқытып жүр. Ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана жүреді", - деді Сағадиев. Министрдің бұл сөздерін Informburo сайты таратты. Сағадиев қазақ тіліне "басымдық" жойылмайтынын ескертіп өтті.

 

Министрдің айтуынша, биылдан бастап бес мыңнан астам мұғалім тіл курстарынан өтеді. Ерлан Сағадиевтің мәлімдеуінше, жоғарғы сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде 2018 жылдың аяғына таман оқыта бастайды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2746
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4489