Сенбі, 23 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6302 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 12:41

ЕРМЕГИЯЕВТІҢ ЕКІ АЙЫ ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДА ӨТЕДІ

2017 жылды эксполатып қарсыалмаққа қам жасап жатқан Қазақстан әлемдік көрмені өткізбестен бұрын тағы да коррупцияға шатылып, шатқаяқтауда. Таяуда ЭКСПО-ға қатысты бір адам, атшулы Мақсат Үсеновтің әкесі Қажымұрат Үсеновтің қамауға алынғаны туралы хабарлағанбыз (http://abai.kz/post/view?id=3697). Осы хабардан соң-ақ, ЭКСПО-ның құрлысына жауаптылардың құлқыны жөнінде әңгіме ұлғаяды-ау деп ойлағанбыз. Дегенше болған жоқ, міне, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев үйқамаққа алынып үлгерді.  

Сонымен, сөздің қысқасы, Талғат Ермегияев алдағы 2 айын Есіл өзенінің жағасындағы үйінде өткізбек. Үйдің консьержі кіші Ермегияевтің баспанасы үйдің 5-қабатын түгелдей алып жатқанын айтып журналистерге "жаңалық" ашып берді.

Бұл подъезде 6 отбасы ғана тұрады екен. Ал, келесі подъезде 27 отбасы орналасқан. Күдікті тәулік бойы күзетте.

Оған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері туған-туыстары және қорғаушыларынан өзге біреумен тілдесуге тыйым салыған. Байланыс құралдары, телефон мен интернетті пайдалануға да рұқсат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің үйқамағына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты беріп отыр.

Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылған.

Талғат - Амангелді Ермегияевтің ұлы. Амангелді Дінұлын көпшілік айтыс ақындары мен  қазақ өнерінің жанашыры әм  демеуші мырза ретінде біледі.

Талағат Ермегиявке таңылған қазіргі айып бюджет қаржысын қымқырды дегенге саяды. Деректерге сенсек, Қажымұрат Үсенов Ермегияевтің байланысы бар компанияларға тендер ұтып беріп, бюджет ақшасын бірігіп жеген. Ермегиявтің қылмысы анықталса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408