Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5755 0 пікір 17 Маусым, 2015 сағат 06:27

ТҚК ӨТЕ ҚҰНДЫ ВИДЕОЛАРДЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Түрік Қарулы Күштері(TSK - Türk Silahlı Kuvvetleri) фото-фильм орталығы қолбасшылығына 100 жыл толуына орай, 1960-1950 жылдар арасында түсірілген, бұған дейін еш жерде көрсетілмеген бірнеше видеоны жариялады.

100 жыл бұрынғы құнды мұрағаттың ішінде Мұстафа Кемал Ататүріктің Мерсин мен Хатайға саяхаты, 1917 жылы Ыстамбұлға неміс императорының келуі, 1918 жылғы Сұлтан Вахдеттиннің адалдық рәсімі, Сұлтан Мехмет Ришат V-тің жаназасы, 1918,1919 және 1921 жылғы театр спектакльдері, Жапонияда 1937 жылы Ертұғырыл ескерткішінің ашылуы,  Уинстон Черчиллдің 1943 жылы Түркияның екінші президенті Исмет Инөнімен кездесуі,  1950 жылғы парламенттік сайлау және Коджаэли шығанағында батқан Үскүдар кемесінің судан шығарылуы көрсетілген.

Жарияланған бейнелерді мына жерден толық көре аласыз.

Түрік киноматографиясының да бастауы болатын Түрік Қарулы Күштері фото-фильм орталығы қолбасшылығында әлі де ашылмаған, жариялауға рұқсат берілмей келе жатқан құнды бейнелердің бар екені айтылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1222
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2751
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 831