Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай.tv 5680 0 пікір 15 Маусым, 2015 сағат 14:24

КИІК ҚЫРМАҚ БОЛҒАНДАР ІСТІ БОЛДЫ

Сайын даланы кезіп дүрліге шауып, темір жолды кесіп өтпек болған отар киікті пойызбен басып өтпек болғандар жазалануы мүмкін.


 

Бұл туралы Қызылорда станцасындағы ішкі істер желілік полиция бөліміндегілер мәлімдеді. Ғаламторда аз уақыттың ішінде кеңінен таралып үлгерген видеоны 30 жастағы машинисттің көмекшісі түсірген. Оқиға Қызылорда облысы Сексеуіл кентінің маңында орын алғандығы анықталған. Сол күні жүк пойызында 4 адам кезекшілік атқарған. Қазір бұл іске қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша іс қозғалған. Құқық қорғаушылар тергеудің құпиялығына сәйкес әзірге бұдан өзге ақпарат бермей отыр.

 

Ғалымжан БЕКТАЕВ, Қызылорда станцасындағы Ішкі істер желілік бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Қылымстық іс бойынша жеке іздестіру іс-шаралары кезінде осы бейнетаспаны Сексеруіл стансасы мен Қоскөл аралығында 30 жастағы машинсттің көмекшісі түсіргендігі анықталды. Осы дерек бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мөлдір Қожахметова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379