Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Қоғам 6801 0 пікір 5 Маусым, 2015 сағат 12:04

БАСЫ “ЖАРЫЛҒАН” БЕЙІМБЕТ

Таран ауданы жазушы Бейімбет Майлиннің туған жері. Ауданға қарасты Красносельский ауылы бұрын Бейімбет Майлин атында болған екен. Осыған орай ауыл шетінде жазушының құрметіне бюст тұрғызылған. Ескерткіштің болғаны жақсы ғой. Бірақ, оның жайы тым мүшкіл. Бейімбеттің басы “жарылып”, жан-жағы қараусыз қалған.

Сынған шөлмектерге толы. Есімін де қазақша жазу бұйырмапты. Айдалада қалған бір бейбақ сияқты. Әттең, осы жерге бір ауық көңіл бөлініп, көшеттер мен гүлдер отырғызылса қандай жақсы болар еді. Лениннің ескерткішін әлі күнге көкке көтеретіндер Алаш ардықтыларын естен шығармаса дейсің. “Әттең...” демеске лажың жоқ.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

“Қостанай таңы” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1321
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2889
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 974
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 905