ӘЛІБИДІҢ ӘКЕСІ 200 МИЛЛИОН 640 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР
Қайрат Жамалиев дейтін «қаһарманның» тоқалы әлде көңілдесі болып келетін әйелмен әуейі болып соққыға жығылған Әліби Жұмағұловтың әкесі Нұрлан Жұмағұлов (суретте) күдіктіден 200 миллион, 640 мың теңге талап етіп отыр. Атышулы оқиғаға байланысты өрбіп жатқан кейінгі әңгімелерге құлақ түрсек, Жамалиев жас жігітті оққағарларымен бірігіп ұрып-соғып қана қоймаған, зорламақ болған. Сондай-ақ, ол «Ірі көлемде ақша бопсалаған», «Адамды қасақана қамап заңсыз ұстаған», «Күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген» деп келетін баптар бойынша да айыпталуда.Егер осы қылымыстары анықталып, үстінен қылымыстық іс қозғалса, Жамалиев 15 жылға абақтыға жабылуы мүмкін. Дүние-мүлкі де тәркіленуі ықтимал. Алайда, таяуда тәркіленген 3 қымбат көлігі, элиталық пәтері және 5 компаниясындағы мүлікі Жамалиевтің өзіне қайтарлып жатқан көрінеді.
«Прокуратура салынған тыйымға аяқ-асты қарсы шығып, Жамалиевтің мүлкін өзіне қайтаруда. Қазір айыптау қортындысы әзірлену үстінде. Оған 3 бірдей қылмыстық істің қосыларына күдігім бар», – дейді Әліби Жұмағұловтың әкесі Нұрлан Жұмағұлов. Ал, Жамалиевтің адвокаты Мұхамбетқали Шайхин: «Биологиялық геномдық сараптама сексуалдық сипаттағы әрекет болмағанын растады. Бұл – жәбірленушінің ойдан шығарған нәрсесі.Нақты айғағы жоқ», – деп отыр.
Абай-ақпарат