«ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ҚЫРҒЫЗДЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙДЫ!»
Редакциядан:
Төмендегі мақалада тұрақты авторларымыздың бірі Садық Смағұлов қырғыз ақыны Аалы Туткучкев айтыпты-мыс деген деген дүниені негіз алып, өз ойын жазған. Біз қай тарапқа да сөз ұсына алатынымызды ескерте отырып, мақалада айтылған дүниелерге қатысты Аалы Туткучкевтің болмаса өзге оқырмандардың айтары болса, жариялауға дайынбыз!
Abai.kz
Қырғыз ақыны «Орманхан манаптың қолға түскен Кенесарының басын кескенін ерлік» дейді. Апыр-ау, о заман мен бұ заманда ханның басын хан алушы еді. Әріден бастасақ, Макадонский, Шыңғысхан, Напалеон, қарсы жақтың жеңілген қолбасшыларының басын алған жоқ еді. Сталин Паулістің басын алған жоқ, аман есен еліне қайтарды. Гитлер өзі у ішіп өлді. Кенесарының басын шапқанда Орманхан қатысты деген дерек жоқ.
Сөзімді менің тыңдайтын,
Қазақ, қырғыз халқым бар.
Гөй-гөйгейлетіп айтатын,
Көңілде біраз датым бар.
Тізгінімді бос қойып,
«бас кеспек бар болса да,
Тіл кеспек жоқ» дегендей,
Біраз нәрсе айтпақпын,
«Елші менен жыршыға,
Өлім жоқ» деген салтым бар.
Қастықтан емес достықтан,
Келелі сөз айтпақпын.
Қазақ , қырғыз құлақ сал,
Тіліне ермей айтақтың.
Шыңғыс пенен Мұхтардай,
Ұлдарың бар халқымсың.
Түбін қусаң ұқсайды,
Үйін көрсең ұқсайды,
Түндіктен түнгі аспанның,
Жұлдызын талмай қарайтын.
Қазақ, қырғыз қосылып,
Алатаудың төскейін,
Ен жайлаған ел едік.
Құбыланы бетке алған,
Дініміз де бір еді.
Тілмәшсізде сөйлсер,
Тіліміз де бір еді.
Бабам қырғыз айтады,
Қазақ туған «Ш» дейді,
Қырғыз туған «Ч» дейді.
«Ш» менен «Ч» болмса,
Айырмамыз жоқ дейді.
Бабаң қазақ айтты ғой:
«Басыңдағы ақ қалпақ,
Қиюлап шетін сырғызған.
Менің де бетім жап-жалпақ,
Айырмам қайсы қырғыздан»?!
Қазақ, қырғыздың туыстығын айта келіп, Алаша хан мен Манастан келе жатқан достықты біз секілді ақындар ғасырлар бойы жырлап келеді. Алайда бүгінгі ақындар ағайынның арасына от салып, бірлікті бұзатын тентек ақындар қатары көбейді. Қазақстанның «Хабар» телеарнасындағы додалы айтыста «Кенесарыың басын шауып алған қырғыздар біздің дұшпанымыз» деп салды. Ақындардың қай-қайсысы болсын еркегі де, әйелі де қырғызды аямады. «Ау, ағайын қойыңдар, қырғыз біздің бауырымыз ғой» дейтін адам болмады. Ауылын шауып алмасақ, қатынын тартып алмсақ, домбырасын құшақтаған ақындар қырғызды неге қарғайды?!
Жолаушы болып келгене,
Қымызы дайын қырғыздың.
Тонаушы болып келгенге,
Қылышы дайын қырғыздың.
Орманхан нағыз батыр ғой,
Шабуға келген жауының,
Алдынан жүгіріп шықпады, - деп бір қайырса:
Қазақтың ханы Абылай,
Халқының мұңын аз қылды.
Мақсатына жете алмай,
Ажал тауып көз жұмды.
Бұқар жырау азғырып,
Қырғыздарды шаптырды.
Жалғастырған ата ісін
Кенесарыға ажал таптырды. - деп ырлап соңында «естеріңде болсын, қазақ қырғызды жеңе алмайды» деп қорытады.
Қазақты жоңғар қалмақтары шапқанда қырғыздар қорған болды. Жеңіске жеткізді. Ендеше, қырғызды жау деп отырған қазақтың бойында қалмақтың қаны бар дейді.
1932 жылғы ашаршылықта көмусіз қалып, көп қазақ қынадай қырылды. Ағайыным осы деп қырғызға қарай шұбырды. Қырғыздар ас берді. Қыздарын қатын қылып алды. Сол жеңгелер қазір балпанақтай әже болды.
Шынынын айтқанда, қазақ сен кім едің? Музейлерді аралап ескі дүиенің картасын қарасаң, қазақ деген елді таппайсың. «Қара қырғыз» деп атайтынын айтады.
Өздерің пір тұтатын Шәкәрім «Қазақ қырғыздан тараған» деп айтып еді, соған неге сенбейсіңдер дейді.
«Манасты» Шоқан жазбаса Шоқанның аты тарихта қалмайтын еді - дейді.
1986 жылы желтоқсанда қазақ жастары көшеде қырылып жатқанда қырғыз жастары Алматыға аттанды. Отарға келгенде автоматпен, танкімен күтіп алды. Одан қорқып бір қырғыз кері қайтпады. Сол ерлігімді ұмытпа, қазақ!
Сөйткен қырғыздың басына күн туғанда сен не істедің? Шырылдаған қырғызды билік оққа байлап атып жатқанда, сен шегараңды жауып алғаныңды қалай ұмытамын.
Бұл ыр қырғыз ақыны Аалы Туткучиевтің қазақ ақындарына берген жауабы ретінде жазыпты. Өзі бастырды ма, әлде біреу бастырды ма, белгісіз.
Мен «Бүркеншік» деген атпен «Хан Кененің қоштасуы» деген толғауды Абай кз-нің сын-талқысына 11 – мамырда ұсынған едім. Қырғыз ағайындардан болу керек, жоғарғыдай жауап алдым. Осында қаншалықты шындық бар?
САДЫҚ СМАҒҰЛОВ
Abai.kz