Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3719 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 08:25

Депутат Асхат Бекенов. Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек

29 қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Асхат Бекенов Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевқа депутаттық сауал жолдады. Онда:

Менің депутаттық сауалыма себеп бүгінгі күнгі еліміздегі діни ахуалдың алаңдатушылығы мен аймақтардан келіп түскен азаматтардың хаттары.

Негізгі қауіпті құбылыс «уаххабилік» ағымның артынан еріп кетушілердің саны көбейіп, «сәләфи» ағымының кеңінен насихатталуы көңілге үлкен қорқыныш ұялатады.

2007 жылы осындай ахуалдың салдарынан еліміздегі жастардың 15 пайызы осы ағымға ере бастаған. 2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ 10 000 адамның 7,5 мыңы уаххабилер, оның ішінде 75 пайызы 13-25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар.

Маусым айының 22 күні Ақтаудағы қатаң режимді колониядан 21 тұтқын қашып, олар өзін-өзі жарып жіберген оқиға елді дүрліктірген-ді. Олардың бәрі де уаххабилік ағымды ұстанушылар екендігі анықталып, опат болған қордайлық Дәуреннің әкесi Бiржанның «Баласының қазасына қуанған ананы бақытты деп айта аласыз ба?»  атты мақаласы «Жас Алаш» газетінде жария болды.

Жоғарыда аталған ағымға ерген азаматтардың қызмет етуі былай тұрсын, сәбилерін  тиісті медициналық тіркеуден және дәрігерлік тексеруден өткізуден бас тартуда. Мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында музыка тыңдау харам,  мемлекеттік Ән ұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, мемлекеттік Туға құрмет көрсетпеу, әскери борышты өтемеу «дұрыс» деген ұғым қалыптастырып, теріс бағыттағы уағыздар жүргізуде. Сондай-ақ, 12-16 жастағы қыз балалардың жоғалып кетіп, сабақты тастап кетуі мен ата-анасының рұқсатынсыз неке қию фактілері де жиілеп келеді.

Ағымға кiрiп кеткен балалардың ата-аналары «балаларымыз бiр түрлi, iстеген тамағымды iшпейдi, сен кәпiрсiң» дейдi»,- деп күйiнедi. Олар «Сендер кiмсiңдер?»,- десек, «Мұсылманбыз»,- дейдi, «Ұлттың кiм?»,- десек, «Ұлтымыз жоқ, бiз мұсылманбыз»,- дейдi. Дәл қазiр осыған тоқтам болмаса, бес-алты жылда бұл ағымдардың бiр-бiрiмен қақтығысу қаупi төнiп тұр. Бала әкесiне, қыз шешесiне қарсы шықса, болашағымыз не болмақ?!

Қазіргі кезде мектеп пен жоғары оқу орындарында, еңбекпен түзету мекемелерінде хизбут тахрир, такфир, жалпы уаххабизм идеологиясымен уланғандар өз жұмыстарын кедергісіз ашықтан ашық жүргізіп, қатарларын толықтыруда.

Ақтөбелік азаматтар А.Түркімбаев, С. Ізтаев, Д. Исімбаев Ресей арқылы Дағыстанға лаңкестік пиғылмен өткелі тұрған жерінен ұсталып, біреуі жеті жылға, ал қалған екеуі алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Орал қаласының 23 жасар жергілікті тұрғыны, тыйым салынған діни түрлі кітап-құралдар, бейне және аудиокассеталар, жарылғыш заттар және есірткімен ұсталған. Ол біраз уақыттан бері бақылауда жүрген радикалдық діни ағымның белсенді мүшесі болып табылған

Үстіміздегі жылдың 30 наурызында Тұрғызба селолық округінде М.Тағашев атты азаматтың үйінде «сәләфи» ағымының бір топ азаматтары жиналып заңсыз «дағуат» (уағыз насихат) жүргізіп отырған кездерінде анықталып, үй иесіне ескерту беріліп, 13 азаматқа айыппұл салынды, ал оның үшеуі жасы кәмелетке толмағандар болып шықты. Бұл мысалдар олардың іс-әрекеттерінің бірі ғана. Ал бәрін айтып шығу тіптен мүмкін емес.

Жоғарыда аталған әрекеттер Қазақстандағы діни экстремизмнің қайда бағыт алып бара жатқанын аңғартады. Күні кешегі Дағыстанда оққа байланған қазақстандық 5 жасөспірімнің қазасы құзырлы органдар мен қалың көпшілікті дүр сілкіндірді емес пе?!. Бұл топтар неге айдың-күннің аманында алыстағы Ауғанстан мен Шешенстаннан жау іздеп, ел арасына іріткі салып халықтың мазасын алып тұр? Өйткені оларды бұл қылмыстарға, олардың діни көзқарастары итермелеуде.

Жалпы, осы мәселелер еліміздің барлық аймақтарынан көрініс беріп отыр. Әсіресе бұл мәселе Батыс Қазақстан халқын қатты алаңдатуда. Әр түрлі атаумен аталып, «дінсіздерге қарсы әділетті соғыс» бастауды мақсат тұтқан бұлар, қару-жарақтармен жабдықталып мекемелер мен адамдарды тонап, қоғам мен мемлекетке зиян келтіруде

Діни ахуалды бақылауда ұстау үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейіндегі нәтижесін бере алмауда. Өйткені, бұл саладағы қызмет заңнамалық тұрғыдан қамтылмаған, яғни дәстүрсіз діни бірлестіктердің кейбір заңсыз әрекеттеріне құқықтық тосқауыл қою мүмкіндігі шектеулі.

Ал тек қана насихаттық жұмыстар арқылы қоғамдық сананы реттеу мүмкін емес. Республикамыздағы ислам діні қызметкерлерінің көбінің дүние танымы бір ғана дін айналасында өте тар деңгейде және қазіргі қоғам өміріндегі сұранысқа жауап бере алмауы да жасырын емес. Мешіт имамдары кездесулер кезінде ислам дінінің аумағындағы жалпы адами құндылықтардан басқа мәселелерден аспайды.

Жоғарыда аталғанның негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тығыз байланыста жүйелі түрде діни мәселелерімен нақты айналысып отырған жоқ. Сол себепті жергілікті жерлердегі өкілеттерінің  жұмысын шұғыл түрде қолға алып, жоғарыда аталған, мемлекетке қауіп  төндіретін түрлі фундаменталистік, экстремистік діни көзқарастағы топ өкілдерінің таралмауын, сондай-ақ, білім беру саласына өтіп кетпеуін қадағалап, шара қолдануы қажет.

Сонымен қатар,  «Дінтану» пәнін елдік мүдде тұрғысынан тиімді пайдалану мақсатында, мектептердегі дін тану сабақтарына шектеу қойып, оқытатын мамандардың білім дейгейі, көзқарасы мен ұстанымы тұрғысынан сараптама жасап, ең алдымен жоғарғы білікті ұстаз даярлап барып іске асырған жөн деп есептеймін.

Сондай-ақ, республикалық радио және телеарналарда, радикалдық ағымдар жөнінде нақты хабарлар берілуі қажет.

Қазақстанда  дін бөлек, мемлекет бөлек, мемлекет дін ісіне араласпайды. Сонда да Президентіміз бүкіл діндердің бәрінің басын қосып, татулыққа шақырып жатқан кезде осы еліміздің өңірлерін дүрліктіріп жатқан жайға Үкімет, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тарапынан талдау жасап, баға беруін сұраймын. Діни фанатизм кез-келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі ықтимал. Сондықтанда, кейбір мәселелерде мемлекеттің араласуы қажет деп есептеймін.

Көтерілген проблемаларды заңды түрде қамтамасыз етпей, діни ахуалды реттеу мүмкін еместігін қаперіңізге саламын.

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347