Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 7968 0 пікір 31 Наурыз, 2015 сағат 11:08

КАРИМОВТЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Каримовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген.
Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Каримовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 379
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 393
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 604