Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4903 0 пікір 27 Наурыз, 2015 сағат 18:36

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ҚҰРАМЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Бүгін Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін жолға шықты.

Осы орайда насихат тобының ең алдымен Қарағанды облысына ат басын бұруы бекер емес. Себебі, Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы дәл осы жерден бастау алған болатын.

Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім, мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Асқар Базарбаев, Мұхтар Тінікеев және Серікжан Қанаев, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқа да танымал қазақстандықтар бар.

Еліміздің өндіріс орталығында аймақ активтерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шахтерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Қарағандылықтар үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аймақтың қоғам қайраткері Татьяна Савицкая қазақстандық әйелдер қауымы атынан елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.

Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.

Кездесулерге мыңдаған қарағандылық қатысты. Өз сөздерінде олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354