Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4561 0 пікір 25 Наурыз, 2015 сағат 16:57

ҚАЗА БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАР

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ағымдағы жылдың 24 наурызында Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағында Қазақстанның 3 азаматы болғанын растады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР СІМ Қазақстан азаматтары - Иманқұлов Ербол Базаралыұлының (1965 жылы дүниеге келген), Исенғалиева Айжан Сарымқызының (1966 жылы дүниеге келген) және Иманқұлов Әділ Ерболұлының (1989 жылы дүниеге келген) қаза табу фактісін растайды. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтамыз.

Бұдан басқа, Германия үкіметінің хабарлауынша, ұшақтың ішінде Блес Елена есімді азаматша болған. Алдын ала болжам бойынша, ол да Қазақстан азаматы болып табылады. Қазіргі кезде бұл ақпарат сәйкестендірілген органдармен тексерілуде.

Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына барынша көмек көрсетеді. Қаза тапқандардың туыстарына жедел желі нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз:

1. ҚР-дың Берлиндегі консулдығы - +4915208833631 (негізгі контакт);

2. ҚР-дың Испаниядағы консулдығы (Барселона) - +34674482333.

Бұдан басқа, консулдармен байланысқа шығу мүмкін емес болған жағдайда, туыстары СІМ-нің кезекші дипломатына +77172720111 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ...

Елбасы Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың сүйегін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5844