Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5651 0 пікір 20 Наурыз, 2015 сағат 15:09

ВАШИНГТОНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

АҚШ астанасы Вашингтонда көктем мерекесіне орай гала-кеш өтті. Қаланың ең байырғы да әдемі залдарының бірінде бесінші рет өткізіліп отырған осы жарқын да әсерлі шара американдық элитаның зайырлы қабылдауларының астаналық күнтізбесінде нық орнын тапқан.  

Осындай мақсат үшін американдық демеушілер мен Қазақстан Елшілігі бастамасымен құрылған коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымы - «Наурыз» комиссиясы өткізген гала-кешке  Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, дипломатиялық корпустың, іскери және қоғамдық орталардың бес жүзден астам өкілі жиналды,- деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. 

Кеш бағдарламасында Жібек жолы аймағынан келген музыканттардың дәстүрлі концерті мен Еуразия және Таяу Шығыс елдерінің қолдауымен әзірленген көркем этникалық бұрыштар қонақтар назарына ұсынылды. Онда осы ежелгі мейрамды мерекелейтін елдердің мәдениеті мен дәстүрлері  көрініс береді. "Қазақстан" бұрышында бауырсақ пен дәстүрлі тәттілерден дәм татып, ел туралы кітаптар мен материалдармен танысуға, сондай-ақ ҚР-ның заманауи даму жолы туралы бейнематериалды тамашалауға мүмкіндік болды.
Сонымен қатар шара барысында «Наурыз» комиссиясының төрағасы Н.Каземиниге салтанатты түрде ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің сыйы табыс етілді. ТҮРКІСОЙ да Америка мен Еуропада Наурыз мейрамын дәріптеумен белсенді айналысып жүрген ұйым екендігі ерекше аталып өтті. Шараға қатысушылар Қазақстанда, Ауғанстанда, Әзербайжанда, Грузияда, Иракта, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда, Түркияда, Түрікменстанда, Украинада Наурыздың қалай мерекеленетіндігі туралы бейнематериалды тамашалап, бұл мейрамды бірлесе атап өтудің Америкада дәріптеуге септігін тигізіп қана қоймай, Еуразия мен Таяу Шығыс халықтарының өзара достығын нығайтуға да оң әсер тигізетінін тілге тиек етті.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377