Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3587 0 пікір 20 Наурыз, 2015 сағат 14:38

ҮГІТТІ ЕРТЕ БАСТАУ – ҮМІТТІ ҮЗЕДІ

«Сайлау алдындағы үгітті ерте бастаған бұқаралық ақпарат құралдары жауапқа тартылып, үміткердің сайлауға түсуіне тыйым салынады». Бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен осылай деді.

Оның айтуынша, үміткерлерге эфир уақыты, басылым алаңы Сайлау қорының қаржысына негізделе отырып,  тек келісім-шарт арқылы беріледі. Олардың құны 7 наурызға дейін жарияланды. 18 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком 48 БАҚ, оның ішінде 10 ақпараттық агенттік, порталдар мен сайттар, 12 аймақтық және 13 республикалық газет, 5 аймақтық және 7 республикалық телеарна мен 7 радио арнасын тіркеді.

«Үміткер эфирге немесе басылымға шығуы үшін БАҚ-қа жариялануын қадағалайтын басшылық атына жазбаша өтініш пен куәлігін ұсынуы қажет. ҚР Президенттігіне үміткерлер жайында қандай да бір үгіт-насихат ақпарат шығатын болса онда міндетті түрде қарждыландырылу көзі жазылуы тиіс. ҚР Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат материалдары тек 2015 жылдың 26 наурыздан басталып 24 сәуір сағат 00:00-ге дейінгі аралығында ғана жариялануы керек екендігін ескеремін. Сайлау алды үгіттің жүргізілу уақыты ресми түрде жарияланғанға дейін материалдар жарияланса ол әрекет үміткер үшін оның тіркелгендігі туралы шешімнің қайтып алынуына, ал БАҚ заңды түрде сот алдында жауапқа тартылады, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373