«БІРЛІК» ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ
«Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси атқару комитеті 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы мәселе бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.
Отырысқа партияның облыстық, қалалық филиалдарының жетекшілері мен өкілдері, 120- дан астам белсенді мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыста «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдап сөз сөйледі. Жиында қатысушы П.В.Климовтің, Т.Ш.Қуанышевтың, К.Бекмұрзаеваның, Б.О.Алдабергеновтің сөйлеген сөздері тыңдалды, олар партия төрағасының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Отырыс соңында алдағы президент сайлауына қатысу үшін қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсынуды қолдау туралы мәлімдеме бірауыздан қабылданды.
Қазақстан өзінің алдына экономиканың жаңа сапалық өсуіне қол жеткізу және әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі амбициялық мақсаттар қойып отыр. Мемлекет басшысы бастама жасаған ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, сондай-ақ басқа да стратегиялық бағдарламалар осы мақсатты іске асыруға арналған. «Сондықтан «Бiрлiк» партиясы - халық бірлігі партиясы, өзінің саяси қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес 2015 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуды берік қолдайтынын білдіреді» делінген мәлімдеме мәтінінде.
Абай-ақпарат.