Сенбі, 23 Қараша 2024
Дода 5493 0 пікір 11 Наурыз, 2015 сағат 19:10

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.


Лингвистикалық комиссияның шешімімен Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген деп танылды.


«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ тілін еркін меңгергендігі жөніндегі емтихан нәтижесін жариялаймыз. Осы уақытқа дейін сынақтан өткен президенттікке кандидаттар секілді Н.Назарбаев үш сұраққа жауап берді. Біріншісі, «Біздің күшіміз – бірлікте» тақырыбында шығарма жазды. Екінші сұрақ, Ілияс Есенберлиннің шығармасы. Білесіздер, биыл І.Есенберлиннің 100 жылдығы тойланады, оның үстіне Қазақ хандығының 550 жылдығы келе жатыр. Үшінші сұрақ еркін сөйлеу, «Бабалар сөзі – даналық көзі». Мен артық-кем айтып не қылайын, Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының алдында өтпеген сыны жоқ. Бұл сыннан да ойдағыдай өтті. Біз тіл маманы ретінде ерекше бағалап отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды жасап отырмыз», - деді лингвистикалық комиссия төрағасы М.Жолдасбеков сынақ нәтижесіне орай берген сұхбатында.


Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379