Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4630 0 пікір 11 Наурыз, 2015 сағат 14:14

ТҚЖБ: ҚОНЫС ТОЙЫ ЖАҚЫН

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Астана мен Ақтөбеде тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың жаңа пулдарын құра бастады

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен ҚТҚЖБ салымшыларына 400-ден аса пәтер ұсынылып отыр.  

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елордамызда пул құру 2015 жылғы 5 наурыздан 5 мамырға дейін жалғасады. Астана қаласындағы Орталық филиалда дүрбелең болмасы үшін, алдын ала жадынамалар әзірленді, қосымша қызметкерлер мен агент-кеңесшілер де қызмет көрсетпек.   

Менеджердің алдына баруға сарыла кезек күтіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ, ТҚЖБ-ның www.hcsbk.kz  электронды мекенжайына өтіп, «Жеке кабинет» арқылы да өтініш беруге болады. Салымшыларға қолайлы болуы үшін, бөлімшелерде арнайы компьютер қойылды, банк  қызметкерлері де кеңес беруге көмектеседі. Қазіргі таңда пулға қатысуға өтініштердің дені Интернет арқылы беріліп отыр.

Астана қаласындағы ТҚЖБ салымшылары – Сарыбұлақ өзенінің бойында, Тілендиев көшесінің оңтүстігінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден пәтер алуға үміткер.   

«Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен 134 пәтер сатылмақ. Бағасы – 1 шаршы метріне 120 000 теңге. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдың наурыз айының аяғына таман белгіленген.  

Ақтөбе қаласында 2 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулына  қатысуға өтініш қабылдана бастады.  «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданында 270 пәтер сатылымға түседі. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың маусым айына жоспарланған. Пулға қатысуға өтініш беру кезінде дүрбелең байқалмайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, өтініштер тек банк салымшыларынан ғана қабылданады. 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді бөлу барысы барынша ашық өтеді. Барлық рәсімдер автоматтандырылған.

ТҚЖБ сайтынан қосымша ақпараттарды табуға және пул құру барысын жіті бақылап отыруға болады. Айта кететін жайт, ТҚЖБ депозиттінде кім ыждаһатпен қаражат жинаса, бал есептеу кезінде соған артықшылық беріледі.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383