Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026
Енді қайттік?.. 5513 0 пікір 6 Наурыз, 2015 сағат 09:31

СЫРҒАБАЕВ СЫНАҚТАН ӨТПЕДІ

 

ҚР Президенттігі сайлауына өзін-өзі ұсыну жолымен кандитат болып тіркелген Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілден тапсырған сынақтан өтпей қалды.

Лингвистикалық комиссиядан хабарлағандай, Сырғабаев қазақ тілінде шешен сөйлемек түгілі, ойын жеткізерліктей де нәтиже көрсете алмаған. Ол сондай-ақ, жазбаша тапсырманы орындау барысында сүрініп, жарты беттік жазбадан 92 әріптік қате жіберіпті...

«Үміткердің ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт берілді. Тек Сырғабаевтың мемлекеттік тілді меңгеруі мен жазып үйренетін мерзімі өтіп кеткенге ұқсайды, өкінішті...» деді лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3127
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2216