Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5519 0 пікір 2 Наурыз, 2015 сағат 17:02

ЖАЛҒА АЛДЫҢ БА, ЖАЛҒА БЕРМЕ!

Қалтасында ақшасы барлардың біразы арендалық пәтерлерге оңай қол жеткізіп, оны екінші тарапқа жалдауға беріп жүргені жасырын емес. Осы үрдіске қатаң сынға ұшырады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева былай деді:

- Өңірлерді дамыту жөніндегі мақұлданған бағдарламада қатысушыларға жалдамалы тұрғын үйді алған сәттен бастап екі жылға дейін бірқатар шектеулер енгізілген. Яғни, олардың пәтерді жалға беруіне, сыйға тартуына немесе айырбастауына болмайды!

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңестің бірінші отырысында сөз болған мәселеге орай Мәжілісі төрағасының орынбасары «Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік жалға берілетін пәтерлердің төлем көлемі баспанаға мұқтаж жандарға қолжетімді екендігін баса айтқым келеді», - деді.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3163
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1160
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1081