Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 5500 1 пікір 26 Ақпан, 2015 сағат 11:34

«БТА-Ипотека» БҰҚАРАНЫ БАСЫНА БЕРЕ МЕ?

«БТА-Ипотека» АҚ деген ипотекалық ұйым болып, жұртты ипотекаға қарық қылғанынан көбіміз хабардармыз. Оның ипотека беру шарты азаматтарымызды алқымынан алып, өсімі берген сомадан еселеп асып жатқанын да білеміз. Ақырында, «көп асқанға бір тосқан» болып Қаржылық бақылау агенттігі осы компанияның банктық іс-әрекет жасау жөніндегі лицензиясын заңнамаларды бұзғаны үшін 2010 жылдың 26 наурызына дейін тоқтатып тастаған. Осыған «ренжіген» болуы керек, компания лицензиясын өз еркімен қайтарып беріп, банктық іс-әрекет жасауды тоқтатқан. Демек, осы лицензиясын берген сәттен бастап компания «Банк және банктық іс-әрекет туралы» заңға сәйкес түсім алуға қақы жоқ. Енді оның жұртқа ипотека берген іс-әрекеті Ұлттық банктың номаларымен емес, Азаматтық Кодекстің тармақтарымен үйлестіріледі. Ал бұл Кодексте қарызға алған ақшаның қайтарылу және уақытында қайтармағанда төленетін тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ басқа біреудің қаражатын заңсыз қолданудың жауапкершілігі анық жазылған. Алайда компания өзінен қарыз алушылардан өсімді бұрынғыша өкіртіп алуын қояр емес.

Мәжілістің соңғы отырысында депутат Айқын Қоңыров осы мәселелерді айта келіп, Бас прокурор А.Дауылбаевтың атына депутаттық сауал жолдап, азаматтардың құқын қорғау үшін прокурорлық қадағалау шарасын жасауды сұрады. Ендігі сөзді прокуратура органдары айтатын шығар деген үміттеміз.

Серік ЕЛЕУ,

сарапшы.

Abai. Kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343