Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6560 0 пікір 26 Ақпан, 2015 сағат 11:08

ҮСЕНОВТЕР. СУ ЖАҢА ОТБАСЫЛЫҚ «ОҚИҒА»

Қазақстандағы ең танымал әулеттер қатарына жататын Үсеновтер отбасына қатысты тағы да шу шықты. «NewTimes.kz» ақпарат агентігінің хабарлауынша, бұл жолғы дау осы отбасы иелігіндегі «Инженерно-строительная компания «ЮгСанТех Сервис» ЖШС-на қатысты туындап отыр.

Мәселенің мәнісі мынада: Алматы қаласының тұрғыны Дина Саурықова өз құқының аяққа тапталғанын айтып, сотқа арызданған. Арызданушы алматылық екі құрылыс компаниясын жеке меншіктегі жер телімін заңсыз иеленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр деп айыптайды. Қазіргі күні қаланың Сүйінбай даңғылының бойында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары бірнеше үлескердің меншігі болып табылатын жер теліміне заңсыз жобаланған. Жобаны қолға алған компаниялар істі жердің нақты иесінің бірі болып табылатын Дина Саурықовадан ешқандай рұхсат алмастан жүргізе берген. Компания басшылығына жасаған ескертуінен ешқандай нәтиже көрмеген Дина ханым ақыры сотқа шағым түсірген. Оқиғаның қызығы осы жерде: жер телімін заңыз иеленіп отырған екі серіктестік: «АсарСтройСервис» және «Инженерно-строительная компания «ЮгСанТех Сервис» компанияларының соңғысы... Үсеновтер отбасының мүшесіне тиісті екендігі белгілі болады. Әңгіменің әрісі тіптен қызық: сот азаматша Саурықованың арызын қараудан бас тартады. Себебі...

Азаматтық құқы аяқ асты болған Дина болса бұл істің артында Үсеновтер тұрғанын айтып, бұқаралық ақпарат құралдарынан араша сұрауға мәжбүр болыпты...

Енді «Инженерно-строительная компания «ЮгСанТех Сервис» ЖШС-на оралайық. Бұл серіктестіктің Мақсат Үсеновтің әпкесінің атына тіркелген, құрылыс нарығында жұмыс істеп келе жатқан әжептәуір компания екені жасырын емес. Оның үстіне Мақсат Үсеновті атақ-даңқтың асқарына шығарған жол-көлік оқиғасының бірі аталған компанияға тиісті автокөліктің қатысуымен орын алған болатын. Ол өткен жылдың қараша айында Мақсат мырзаның тақымында апатқа ұшыраған А078 VP нөмірлі «Mercedes» еді...

 

Abai. kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341