Жұма, 18 Сәуір 2025
Жаңалықтар 5734 0 пікір 25 Ақпан, 2015 сағат 19:38

ЕЛБАСЫ: Сайлау Конституция талаптарына сай болуы тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізгенін Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске Президент сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты сауал жолданғанына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары төрағаларымен, сондай-ақ Премьер-Министрмен консультациялар өткізгенін айтты. Қазақстан Президенті сайлау өткізу Конституция талаптарына дәлме-дәл сай болуы тиістігін атап өтті.

И.Рогов Негізгі заңның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу тек Қазақстан Президентінің құзыретіне жататынына тоқталды. Аталған конституциялық құзырет ешқандай шартқа және шектеуге байлаулы емес, Мемлекет басшысы оны дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес төрағасы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қандайда бір конституциялық құқықтық кедергінің жоқ екенін айтты.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2009
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4869
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4067