Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 8264 0 пікір 25 Ақпан, 2015 сағат 15:28

ДОМБЫРАСЫЗ... СОТ ҚАЙДА?

Павлодар облысының Ақтоғай аудандық соты Монғолиядан келіп жүрген қандасымызға «домбыра сатпақ болды» деген айыппен жаза қолданып, бір тәулікке қамап тастапты. Аудандық соттың баспасөз қызметі қандасымыздың домбыра сату үшін арнайы рұқсат қағазы болмаған деген мәлімет таратты. Сонда, домбыра сату үшін де арнайы рұқсат керек пе?.. «Естімеген елде көп» демекші, қытайдың сапасыз киім кешектерін сататындарға жол бар да, ұлттық аспапты саудалауға болмағаны ма? Монғолияның Бай-Өлке аймағында домбыраны ерекше өрнектеп оюлап жасайды. Қазақтың ұлттық аспабын өз қазағына әкеп сатқанда тұрған не бар? Бүйте берсе домбыра тартуға да арнайы рұқсат алу керек болар. Айтпақшы, ондай жағдай Шымкент қаласында болды ғой. 2013 жылы жазда Абай саябағында домбыра-party өткізбек болған жастарды полиция қуып таратып еді. Бәлкім, домбыраны төрімізге іліп қою үшін де рұқсат алуымыз керек шығар!..

Есенбек САНАТҰЛЫ,

Abai.kz

Дереккөз:www.oinet.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1448
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3208
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5209