Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4536 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 13:37

ТҚЖБ: НЕСИЕ БЕРУ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨСІП КЕЛЕДІ

«Бәйтерек» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа жоспардағыдан 163%-ға артық кредит берді.

2014 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа кредит беру жоспарын 163 %-ға артық орындады. Жылжымайтын мүлік сатып алуға салымшылар алған заемның жалпы сомасы 97 млрд. 826 млн. теңге болды. Өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 17 645 адам ұлттық валютада кредит алған.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы екінші деңгейлі банктер 294 миллиард 980 миллион теңге кредит берген. Оның 33% немесе 97 миллиард 826 миллион теңгесі ҚТҚЖБ клиенттеріне берілген. 01.01.2015 ж. жағдай бойынша, құрылысқа және үй сатып алуға арналған екінші деңгейлі банктердің кредит қоржыны 991 млрд. 663 млн. теңге болды. Оның ішінде ҚТҚЖБ-ның үлесі – 20,6% немесе 203 млрд. 793 млн. теңге. Бұл мәліметтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі заемдарының жыл өткен сайын халыққа қажет болып келе жатқанын көрсетеді.

39,9% үлеспен, халықтың ұзақ мерзімді салымдарын тарту бойынша да ҚТҚЖБ жетекші орынға ие болып отыр. 2014 жылы 178 986 тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 68%-ға көп. 2015 жылдың 1 ақпанында ҚТҚЖБ салымшыларының жинақ ақшасы 252 млрд. теңгеге жетті.

Банк «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынын төмендеткен жоқ. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТҚЖБ – бағдарламаның «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» атты екі бағытының операторы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ауданы 429,3 мың шаршы метр болатын тұрғын үй (бағдарламада қарастырылғандай, орта есеппен алғанда, тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары – 300 мың шаршы м.) немесе 7 033 пәтер пайдалануға берілген.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің айтуынша, 2015 жылы теңгелей заем беру жұмыстары белсенді түрде қолға алынбақ. Банк болашақта да ұлттық валютамен кредит беру көлемін арттыруға ниетті. «Банктің барлық активтері – теңгеде, міндеттемелерге де ұлттық валютада қызмет көрсетіледі», – дейді банк өкілдері. Сондықтан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі тұрақты. Валюта бағамы өзгерістерінің әсері жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1524
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5917