БІЗ - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МҰРАГЕРІМІЗ!
Бұдан 5 ғасыр бұрын ата-бабаларымыздан мирас болып қалған мекенімізде Қазақ хандығының құрылғанын ең ірі тарихи оқиғаға балар едім. Елбасы айтқандай «Ол кездегі Қазақ хандығы қазіргі еліміздей әлем таныған ел болмауы мүмкін, бірақ ол кезде барлық елдерді де солай айтуға болады, ең бастысы, біздер бабаларымыз қалап кеткен елдің ұрпақтарымыз» деуінің өзі Қазақ хандығының еліміздің қалыптасу жолында маңызды рөл атқарғандығын айғақтайды.
Иә, 550 жыл бұрын Орта Азияда ойып тұрып орын алған Қазақ хандығы биыл, яғни 2015 жылы республика көлемінде атап өтіліп, тойланбақшы. Мұндай маңызды оқиға ел көлемінде атап өтілуін қуана қолдаймын деген пікірімді айтқым келеді, өйткені, ол еліміз үшін, Қазақ хандығының мұрагерлері - біздер үшін тарихи тұрғыда өте маңызды.
Тұрар ҚОЛҒАНАТОВ,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері.
Абай.kz