Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5154 0 пікір 21 Ақпан, 2015 сағат 18:03

ЯНУКОВИЧ УКРАИНАҒА ОРАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Украинаның төңкеріспен қуылған президенті Виктор Янукович Ресейдің «Первый канал» арнасына берген сұхбатында «мүмкіндік туа салысымен» дереу Украинаға оралатынын айтқан. Бұл туралы BBC жазды.

«Елге оралуға мүмкіндігім туа қалған сәтте мен кері ораламын және Украина тұрғындарының өмірін жақсарту үшін бәрін де жасаймын», - деген Янукович өз сөзінде.

Украинаның жоғарғы радасы былтырғы жылы 4 сәуірде Януковичті президенттік мәртебесінен айырған болатын. Украина конституциясы бойынша президенттік мәртебе импичмент нәтижесімен жойылмаса өмір бойы сақталады. Янукович Украина президенті болып 2010 жылы 25 ақпанда сайланған. Өткен жылы ақпан айының соңында Киевтегі жалпыхалықтық толқудан соң ол президент тағынан қуылған еді.

Янукович және оның айналасындағы кейбір шенділер бейбіт тұрғындардың өлімі үшін айыпталып, оларға халықаралық іздеу жарияланған. Бүгінгі таңда Януковичтың орналасқан жері нақты белгісіз. Оның Ресей аумағында жасырынып жүрген болуы мүмкін.

Елдің бұрынғы президенті елге оралудан үмітін мәлімдеп жүрген кезде, қазіргі президент Порошенко «Небесная сотня» мемлекеттік наградаларын тапсыру салтанатында оған қаратып «Оның мәңгілік тозақ отына жанатынына еш күмәнданбаймын, бұл жер бетіндегі заңнан тысқары сот» деген.

Нұрғали НҰРТАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349