Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4710 0 пікір 21 Ақпан, 2015 сағат 11:43

ЕЛШІЛЕРДІҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірқатар елдегі елшілері тағайындалды» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Ал, Мемлекет басшысының Өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5363