Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7103 0 пікір 21 Ақпан, 2015 сағат 11:15

ТЕЛЕБЕКОВТЫ ТӘРТІПКЕ САЛУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

 

ҚР Ұлттық қәуіпсіздік комитетінің төрағасы

Н.Әбіқаевқа;

ҚР Бас прокуроры

А.Дауылбаевқа;

ҚР Ішкі істер министрі

Қ.Қасымовқа

 

Ашық хат

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанып, егеменді ел болғалы ширек ғасырға аяқ басты, жетпіс жыл бодандық бұғауында болып отаршылдықтың отына күйіп ұлттық құңдылықтарымызды жоғалтқанымыз аз болған жоқ. Соның ең бастысы - тіліміз. Шовинистік бағыт ұстанған коммунистік идеяның алға қойған басты мақсаттары ұлттардын тілін тұқырту арқылы жою болды. Бұл жоспарларын біздің қазақ халқы үшін бірнеше пайызға асыра орындады. Барлық жерлерде қазақ мектептері жабылып оқу тәртібі тек орыс тілінде жүргізілді. Осының салдарынан қазақ тілінің жағдайы өте мүшкіл халге жетті. Осының кесірінен ұлттық тұтастығымызға нұқсан келді. Өз ұлтынан туған тілінен жеріп мұрын шүйіретіндер көбейді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілсе де оны биліктін әр тармағында отырған шенділер космополиттік бағыттарынан айнымауда. Осыны оңталы пайдаланып қазақ тіліне,ұлтына деген сорақы пікірлер айтылып жазылып, тіпті кітап болып таратылып жатқанына куә болудамыз. Осы ашық хатты жазуымызға тікелей себепкер болған мына жаға ұстатар жағдай.


Жақында ғаламтор беттерінде Мұрат Телебеков (суретте) деген теологсымақ, демагог біреудің қазақ ұлты, оның тілі туралы мынандай масқара шатпақ-шимайларын оқып, қанымыз басымызға шапты. Қазақ ұлтын масқаралауға қалай шыдауға, төзуге болады? Мұрат Телебековтың өзі жазған тілінде аудармасыз бердік. Оқып көріңіздер:

«Казахская нация всегда будет чужой подстилкой, гигеническим тампоном в чужом влагалище, геморройдальной свечой, которую будут вводить в задний проход какой-нибудь великой державы. Казахская нация, в лучшем случае, станет чужим презервативом. Через нее будут сношаться великие нации (русская с китайской, турецкая с узбекской). На этом поприще казахская нация будет изощряться! Презервативы ведь бывают разные; ребристые, игольчатые, с усиками и бакенбардами».

Әрі қарай соза беруге адамның дәті мен ұяты жетпейді. Бұны жазып отырған - «Қазақстан мұсылмандар Одағының төрағасы» деген лақап атты жамылып жүрген әлгі алаяқ, Мұрат Телебеков деген теологсымақ. Ұлтты қорлаудың бұдан асқан сорақысы болмас, сірә! Енді қазақ тілі туралы Телебековтің толғауы мынандай:

«Вы обратили внимание на то, что в казахском языке отсутствует жаргон. Тот самый уличный жаргон, которые есть в русском, английском и других языках. В казахском языке нет даже зачатков жаргона. Это говорит о том, что язык не развивается, он как бы застыл, в нем нет энергии движения. В определенном смысле это отражает психологию казахского народа, присущий ему догматизм и неприятие нового. Не исключено, что это признак старения языка, он отходит, умирает, как умер в свое время латинский и многие другие языки».

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тарихын түгендеп, биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы жарлығы шығып, ата-баба аманатына адалдық танытып, ұлт болашағының тамыры теренде екенін мойындатып жатқан кезде бұңдай кесірлікті, ұлтқа жасаған жауыздық деп қалай бағаламайсың? Телебеков өзінің осындай пасық ниетті сөздерімен ресейлік шовинистер Жириновский, Лимонов, Дугин сияқты мысықтілеулі пиғылдарын іліп әкетіп, тірілтуді көздеуде. Мүмкін осы екі жүзді сатқындардың ауызымен айтқызып, "қазақтың өз ұлтының сөзі, анау-мынау емес, Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы айтып отыр ғой" дегенді көздеген тірлік пе? Мынау мысықша мүләйімсіген Мұрат Телебековтың ойсымақтарына қарап, біз бұл адамның қазақ ұлтынан екеніне шүбә келтірдік. Қанша жерден опасыз болса да өз туған ұлтына оңбағандық жасау ойға сыймайды. Кезінде тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жат жұртқа амалсыздан тарыдай шашырап, енді егемен еліне ата-жұрт қонысына оралып жатқан қандастарымыз туралы айтқан уәжі: «Біз елімізден орыс, кәріс, немістерді қуып жатырмыз. Олардын құқын шектетіп, небір заңдар қабылдадық. Ал сонымен бірге Монғолиядан, Қытай, Иран мен Ауғанстаннан қазақтарды жинап жатырмыз. Ертең елге қәуіп төнсе, мына сырттан келген қазақтар қайтадан қашып кетеді. Елді қорғайтын осындағы ұйғырлар, кәрістер мен орыстар» деп, орғытады пәтшағар. Бұның бәрін «ит үреді, керуен көшеді» деп қолды сілтеп отыра берсек, іштен шыққан космополит, рухани дағдарысқа ұшыраған мәнгүрттер ел ішіне іріткі салып, татулыққа тас атуын тоқтатпайды.

 Біз ҚР жаңа қабылдаған Қылмыстық кодекске сәйкес ақпарат құралдарында, сондай-ақ ғаламторда ойына келгенін жазып және алабөтен қитұрқы оймен елдің, ұлттың тұтастығына нұқсан келтіруші М.Телебековты сепаратист деп танып, он жылға бас бостандығынан айырып, абақтыға жабуды талап етеміз. Және оның жазған-сызған әлгіндей шатпақтарын тәркілеп, бұдан былай еш жерде жария етпеу туралы шешім шығаруды сұраймыз!

Қазақ халқын моральдық түрде қорлаған бұндай азғындарға арамызда орын болмауы тиіс!

 

1986 жылғы ұлт-азаттық Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ұлт патриоттары.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5356