Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қоғам 4740 0 пікір 20 Ақпан, 2015 сағат 10:37

ЕЛБАСЫНЫҢ АЙТҚАНЫН ЕСІМОВ ЕСТІМЕГЕН БЕ?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Мен әлеуметтік қажеттілікке арналған шығыстарды қысқарту туралы ұсыныс бар екендігін білемін. Бұл жақсы ұсыныс, қарапайым адамдарға қатысты болмағанда оны қолдауға да болар еді. Мәселен, оны қарапайым адамға шығын келтірместен қайдан іздеуге болады? Мәселен, біздің шығыстар: банктерді қолдау үшін 500 млрд., қысқы Универсиадаға - 100 млрд., метроның екінші кезеңіне - 227 млрд. теңге. Қиын кезеңде біздерге кейбірін күте тұру қажет. Одан кейін жалғастырамыз. Қысқы Универсиаданың бір бөлігін Астанада, екіншісін Алматыда өткізуге болады. Бұл имидждік жоба, оны соңына дейін атқару керек. Бірақ дәл осы шарада шығыс көп, қаржыны біздерге сол жақтан қарастыру қажет. Бұл уақытша.

Сондай-ақ, Алматы метросының 2-ші кезеңі құрылысын тоқтата тұру қажет.

 

(Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен)

Алматы қаласының әкімі Ахметжан ЕСІМОВ:

    - Метро құрылысы тоқтамайды. Биылғы жылы 8 млрд.теңге бөлінді. Ары қарай қазамыз.

    Метро қызметін 20 млн.жолаушы пайдаланды. Күн сайын 24 мың адам тасымалданады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында құрылысы былтыр аяқталған 2 жаңа станция пайдалануға беріледі...

    (Қала тұрғындарымен есепті кездесуде айтқанынан)

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061