Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Жаңалықтар 7234 0 пікір 17 Ақпан, 2015 сағат 13:58

«АҚ МАМЫҚ ЕРКЕМ...» ДЕП ӘН САЛАДЫ

27 ақпан күні сағат 17.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер Үйі залында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жас талант, дәстүрлі ән өнерінің өкілі, әнші-композитор Қанат Әмірхановтың «АҚ МАМЫҚ ЕРКЕМ...» атты шығармашылық кеші өтеді.

Ұлттық нақыштағы сазды әуендер әуелейтін кеш барысында әншінің тұңғыш ән-жинағының тұсауы кесілмек. Ал, кеш қонақтары: Нұрғали Нүсіпжанов, Рамазан Стамғазиев сынды қазақ ән өнерінің майталмандары, Талғат Әбуғазы, Нұрлан Албан, Сая Есенгелдинова, Бейбіт Мұсаев, Жігер Бертісов, «Аршын», «Жерұйық» тобы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Мәдениеттану кафедрасының ұжымы және университеттің «Гүл-Бану» би ансамблі болмақ. Келіңіз, әнге құлақ түріңіз.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 687
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 976