Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Қоғам 11364 0 пікір 12 Ақпан, 2015 сағат 13:03

БАЯН СҰЛУ СУИЦИД ЖАСАҒАН БА?

Қазақтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани мұраларының бірі "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" жырын насихаттауға тыйым салу керек дейді танымал сазгер Жарылқасын Дәулет. Өнер иесі мұндай ойын "Асыл арна" телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Бұл туралы baq.kz ақпараттық порталы жазады.

"Қозы Көрпеш, Баян сұлу деген кімдер? Қозыны Қодар өлтіріп тастаған соң, Баян да өзіне қол жұмсап өлді де, бір молаға кірді. Өзін-өзі өлтіріп, жаназасы шықпай, бір молаға жатқан адамды кімге үлгі қылып отырмыз?" деген сазгер Жарылқасын Дәулет мұндай эпостық кейіпкерлерді махаббат символы ретінде қарастыруға болмайды деп санайды. 
Сазгердің ойынша, бұл кейіпкерлер жастарға кері тәрбие береді. 
"Біз өскелең ұрпақты суицидке өз қолымызбен итермелеп жатқан жоқпыз ба? Біреу өліп, соның артынан екіншісі өзін өлтірсе, ерлік пе?" - дейді ол. 
Сазгер өзінің сұхбатын "махаббатты Валентинге бір, Қозы Көрпешке бір тықпалап қадірін кетірмей, екеудің арасында жасырын ұстап, аялап, бағалы еткеніміз дұрыс", - деп аяқтаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743