Нұрлан СӘДІР. ҚҰРАСТЫРУШЫ
- Сендер не құрастырасыңдар?
- Біз машина құрастырамыз. Өзің ше?
- Мен өтірікті құрастырамын.
- Ұят қой оның.
- Машинаны өтірік құрастыру, не, ұят емес пе?
- Несі өтірік?
- Өтпей жатыр ғой құрастырғандарың. Шын дүние болса өтер еді. Оның қасында менің құрастырған өтіріктерім әлдеқайда өтімдірек.
- Кәне, бір өтірікті құрастырып жіберші.
- Енді өтірікті құрастыру үшін лицензия алу керек болады. Бұл серъезны айналысатын іс қой, дұрыс емес пе?
- Өтті...
(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)