Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4707 0 пікір 10 Ақпан, 2015 сағат 13:21

«НОКАУТШЫЛАРДЫҢ» ӨЗДЕРІ НОКАУТ БОЛДЫ

«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы кезекті жекпе-жегін Қарағандыда «АҚШ нокаутшыларымен» өткізді.

52 келі салмақта жұдырықтасқан Мирас Жақыпов қарсыласы Брент Венегасты 3:0 есебімен айқын жеңді. Қос боксшы да ашық тактика ұстанғандықтан, бәсеке өте қызықты өтті. 60 келіде жарақатына байланысты бір жыл демалыс алып, шаршы алаңға қайта оралған Ержан Мүсәпіров  Даниэл Монтгомериді 2:1 есебімен ұтты. Қарсыластар бүкіл раунд бойына бірінен-бірі айқын басым түсе алмай, төреші дауыстарының нәтижесі бойынша ғана жеңімпазды анықтады.

Ал 81 келі салмақта бокстасқан «біздің хорват» Хрвое Сеп қарсыласы Сти Нельсонді айқын басымдықпен жеңді (есеп 3:0). 69 келідегі Асланбек Шымбергенов «Қазақстан туралы «Борат» фильмінен басқа түк те білмеймін» деп, қазақ жанкүйерлерін ашындырған Брайан Цебаллодан 2:1 есебімен басым түсті. Айта кету керек, бұл – Асланбектің «Астана арландары» сапындағы алғашқы жекпе-жегі болатын. Ауыр салмақта жұдырықтасқан тағы бір хорват легионері – Филипп Хргович қарсыласы Брэндон Глэнтонды техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Яғни, «АҚШ нокаутшылары» 5:0 нәтижесімен ұтылып, бейнелеп айтқанда, өздері нокаут болды. Енді «Б» тобында «Астана арландары» көш бастады. Олар қаңтарда «Баку оттарын» жеңген еді (3:2). «Арландарымыздың» ендігі қарсыласы – «Пуэрто-Рико дауылдары». Кездесу 14 ақпанда Қарағандыда өтпек.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377