Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5527 0 пікір 7 Ақпан, 2015 сағат 17:31

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР ҚАЙТЫС БОЛДЫ

7 ақпан күні түс ауа, 81 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгер дүние салды. Ол Алматыдағы президент іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне 21 қаңтар күні жүрек талмасымен түскен болатын.

Қазақы орта «Гераға» деп атап кеткен қаламгер 1934 жылдың 28 қазанында Еділ өзені бойындағы Энгельс қаласында (Ресей) дүниеге келген. 1941 жылы Сталиннің бұйрығымен жаппай жер аударылған неміс отбасыларының қатарында Қазақстанға – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің бойына, бүгінгі Ысқақ Ыбыраев атындағы ауылға келіп, тұрақтаған.

Қаршадайынан қазақ балаларымен ойнап, қазақ мектебінде оқып, қазақ тілін жақсы меңгерген Г.Бельгер кейін Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы мемлекеттік университет) филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған ол 1964 жылдан бастап жазушылықпен, аудармашылықпен айналысты. 1971 жылы Қазақстан Жазушылар одағына мүше болды. Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов, Д.Досжанов және т.б. қазақ жазушыларының талай туындысын орыс тіліне тәржімеледі.

40 шақты кітабы жарық көрді, 1600-ден астам мақала-жарияланымдары баспасөз бетіне шықты. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Абай.kz порталының ұжымы қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі әдеби әлемге өз еңбегін сіңірген аяулы қаламгер Герольд Бельгердің қазасына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377