Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5096 0 пікір 4 Ақпан, 2015 сағат 12:02

ИCЛАМ КАРИМОВ ХӘЛ ҮСТІНДЕ ЖАТЫР МА?

Өзбек оппозициясы Ислам Каримовтың денсаулығының күрт нашарлап кеткенін жарыса айтып жатыр. «Өзбекстан халық қозғалысының» белсенділері ел үкіметіндегі сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасап, мемлекет басшысының денсаулығы 28 қаңтар күні күрт нашарлап, Ислам Каримовтың есінен танып қалғанын айтады деп хабарлайды Ult.kz сайты.

 

Вести.kg порталына берген сұхбатында сарапшылар Каримовтың денсаулығына байланысты елді тұрақсыздық жайлайды деп болжап отыр.

«Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Өзбекстандағы оппозицияға қысым қатты көрсетілді. Соның салдарынан, елдегі оппозиция экстремистік мазмұнға ие болды. Бұған дейін оларды Ислам Каримов орнатқан күштік тәртіппен ғана ұстап отыру мүмкін болып келді. Енді ол мемлекет басқаруынан кетсе, елді тұрақсыздық жайлайды» деп болжайды сарапшылар.

Жалпы, Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің денсаулығы - жиі көтерілетін тақырып. 2013 жылы жергілікті БАҚ Каримов жүрек талмасына ұшырап, ауыр халде жатыр деп ақпарат таратқан. Бірақ, бұл ақпаратты Ислам Каримовтың өзі Мәскеуге сапар жасап, жоққа шығарған еді.

Ислам Каримовтің мемлекет билігінде отырғанына 25 жыл толды. Ол осы жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті. Президент сайлауы Өзбекстанда 29 наурызға белгіленген.

Каримовтың президенттік сайлауға кезекті рет түсуге бел байлап отырғаны, сірә, оның денсаулығының қалыпты екендігін білдірсе керек. Ал, «Ислам Каримов хәл үстінде жатыр» деген сөз қауесет көрінеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377