Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7237 0 пікір 1 Ақпан, 2015 сағат 12:14

ҚҰС ТҰМАУЫ... ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

«Құс тұмауы» аталып кеткен H7N9 вирусы әлемді тағы да әбігерге сала бастады. Біраз жыл бұрын таралып, жүздеген адамның өмірін жалмаған емі жоқ жұқпалы аурудың қалың ошағы Қытай аумағынан қайта табылып отыр.

Қазіргі күні H7N9 вирусын жұқтырған Қытайдың Гуандун провинциясының отызға жуық тұрғыны ауыр халде жатса, 48 жастағы бір адам о дүниелік болған.

Құс тұмауы, аты айтып тұрғандай, құс еті мен өнімдері арқылы адамға берілетін аса қауіпті эпидемия. Тұмаудың туындауына қанатты достарымыздың қаншалықты кінәсі барын кім білген, бірақ, ауру ошағы саналатын Вьетнам, Индонезия, Қытай, Камбоджа елдерінде тауық еті басты дастархан мәзірі екені анық. Сол себептен де аталған елдерге сапарлайтын отандастармызға екі шоқып, бір қарайтын сақтық керек.

Әсіресе, азық-түлік пен тұтыну тауарлары көптен келетін Қытай елімен арадағы ауыс-түйіске жіті назар аударғанымыз жөн шығар.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347