Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7321 0 пікір 30 Қаңтар, 2015 сағат 22:26

БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЕВ. «ӨЗІМ ТУРАЛЫ» КІТАП

Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Өзім туралы» деп аталатын кітапшасы жарық көрді. Мұнда автор өзінің қаламгерлік тыныс-тіршілігінің қыр-сырынан сыр шертеді. Жеке басының тәжірибесінен өрбіте отырып, көркем шығармашылық табиғатын тануға септесетін жәйттерді тілге тиек етеді.      

Өмірбаяндық кітапша екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде автор өзінің әдебиетке келу жолы мен жазушылықтың кілтін қалай тапқаны, біртіндеп қалыптасқан көзқарасы жайында әңгімелесе, екіншісінде – шығармашылығының басты мақсаты хақында ой толғайды. Кітапшадан оқырман жазушының шығармашылық концепциясымен танысады, сондай-ақ, тынбай ізденудің арқасында қалыптастырған өзіндік жұмысшы философиясын туындыларын жазуға қайтіп қолданғанын, жалпы көркем туынды жайындағы ойларын оқып біледі. Қаламгер әңгімелеп отырған шығармашылық тәжірибенің әдебиет зерттеушілеріне, әдебиетті сүйетін қалың көпшілікке пайдалы мағлұматтар берері күмәнсіз. 

Кітапша биобиблиографиялық анықтамалықпен жабдықталған. Автордың жеке басылым түрінде жарық көрген кітаптары тізіміне 33 аталым енген. Сондай-ақ құрастырған жинақтары мен аудармаларының да тізбесі (барлығы 24 кітап) келтірілген. 

Қаламгердің бұл ғұмырнамалық кітапшасы биылғы 70-ке толатын мерейжасы қарсаңында, өзіне және өзінің оқырмандарына берген есебі ретінде шығарылып отыр.

 

Абай-ақпарат.

 

Суретте  Б.Қойшыбаевтың «Өзім туралы» кітабы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286