Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5926 0 пікір 24 Қаңтар, 2015 сағат 18:13

Серік АБАС-ШАХ. ҚЫСҚЫ ҚЫСҚАРТУ

Ауылдағы шопыр досым звондайды. Күзде, тау жаққа уақытша көшкенін, үш-төрт айдан бері жаңалықтан құр қалғанын жеткізіп жатыр. Сосын, мылжың сұрақтары басталды.

- Әй, Пәленше. Қазақ мемлекетінің 550 жылдығына дайындық қалай?
- Мемлекетіміз хандыққа ауысып кеткен жоқ па?
Телефонның ар жағындағы досым қақалып қала жаздады.
- Ойбай не, не дейді? Рас болып шықты ма?
- Жаман ойлама. Қазақ мемлекетінің емес, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайтын болдық.
- Күзде басқаша айтып едік қой.
- Қазір қыс емес пе?
- Солай екен-ау... Айтпақшы, 550 жылдыққа арнап, 20 сериялы тарихи фильм түсіретін еді...
- 20 серияның жартысы ғана түсірілетін болды.
- Сонда, қазақ хандығына 275 жыл толатын болды ма?
Досымның өстіп күйдіретіні бар. Ашуланып кете жаздадым.
- Әй, қайдағы 275 жыл? Мен саған 550 жыл деген жоқпын ба?
- Қайдан білейін, үш ай ішінде мемлекеттігіміз хандыққа айналып, тарихи сериялар екі есе азайыпты. Тарих та екі есе кеміген болар.
- Тарих емес, мұнай бағасына байланысты бюджет қысқарды.
- Солай демейсің бе? Тағы не қысқарады?
- Ит біліп пе? Бәрін үнемдеуге кірістік.
- Е, ақша жетпесе анау Сенатты қысқарта салмай ма? Мәжілістегі депутаттар санын да 25 адамға азайта салсын.
- Неге депутат саны 25 болу керек?
- Бір класта (сыныпта) 25 оқушы ғана отырмай ма? Бәрі бірдей қол көтерсе, олардың санын көбейтіп не керек?

Шопыр досыма қатты ашуланып, тұтқаны қоя салдым. 
Саяси сауаты жоқ, жұртқа ақыл айтқысы келеді. "Сәбәкі" десе...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377