Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6278 1 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 12:49

«Сал серінің сарқыты ол кешегі...»

2017 жылдың сәуір айының 9 жұлдызында, сағ 17:00 де Алматы қаласында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әнші, композитор, өнертанушы, киногер Ерлан Төлеутайдың «Сал серінің сарқыты ол кешегі...» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кештің басты мақсаты – ұлтымыздың ұлы музыкасын ұлықтау.

«Кеш сал серілік өнерге, солардың ұлы рухына арналады. Біржан сал бастаған ұлы сал-серілердің өмірі мен өнерін паш етемін. Олар сүйген сұлуларға, сал серілердің басынан өткен махаббат баяндарына,  сүйініш-күйініштеріне, тағдыр трагедияларына тоқталамын. Жалпы алғанда, сал-серінің өнер ұлықтаймын.

Көптеген əндер шығардым. Сол əндерім орындалады. Көбісі алғаш рет үлкен сахнада орындалмақ», - дейді сан қырлы талант иесі Ерлан Төлеутай.

Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Әсіресе, әнші Мақпал Жүнісова орындайтын «Япырай» (сөзі Мұқағалидыкі) және әнші Меруерт Түсіпбаева айтатын «Сен және Мен» (сөзі Жанат Әскербекқызыныкі) әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұқағалидың, Жұматай Жақыпбаев, Еркеш Ибраһим, Қайырбек Асанов, Марфуға Айтхожина, Тұрсын Жұмаш, Жанат Әскербекқызы, Қайрат Асқаров, қырғыз ақыны Әкбар Рысқұловтың өлеңдеріне жазылған көптеген әндердің авторы. Композитордың көптеген әндері тұңғыш рет үлкен сахнаға жол тартқалы отыр. Ерлан Төлеутайтың ән кешіне Еркін Шүкіманов, Меруерт Түсіпбаева, Ерлан Құжиманов, Сейіл Аяғанов, Роза Әлқожа, Дулат Ақанов, Евгений Шагаров сынды әншілер қатысады.

Абай-ақпарат

Байланыс телефондары:

+7 707 297 85 31

+7 747 398 62 44

 

 

Ерлан Төлеутайдың қысқаша еңбек және шығармашылық өмірбаяны

 

Төлеутаев Ерлан Мұқатайұлы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Ортау ауылында дүниеге келген.(03.03.1968  ); Бір жасынан бастап, Байдалы би (бұрынғы Дружба совхозы) ауылында,  нағашысы Орынбеков Шөкен мен Қалмағанбетқызы Бибігүлдің қолында тәрбиеленген. Атасу орта мектебінде оқыған(1975-1985); Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін тамамдаған (1994);  Е Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі болып қызмет істеген (1994-1998);

ҚарМУ-дің археология-этнология және Қазақстан тарихы кафедрасында стажер-зерттеуші (1998);

Қарағанды қаласындағы жастардың интеллектуальдық БОТА (білімпаздар, ойшылдар, тапқырлар, алғырлар) орталығын құрушы және оның тұңғыш төрағасы (1996-2001);

«Алтын Орда» республикалық тәуелсіз газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеген (2001-2002); «Қазақстан–Қарағанды» телеарнасында редактор болып еңбек еткен (2003-2010); Республикалық «Алаш Орда» газетінің бас редакторы қызметін атқарған (2008-2009);  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «анимациялық кино» шығармашылық бірлестігінің бас редакторы (2010);

Үйленген. Жұбайы Зейнеп – дәрігер. Тұңғышы Ләйлә – поляк, испан, ағылшын тілдерінің маманы. Ұлы – Алдияр 9 сынып оқушысы.

Өнер жолын Қарағанды мемлекеттік университетінің «Балауса» әдеби шығармашылық бірлестігінде әнші болып бастаған. 1990 жылы Ташкент қаласында өткен «Орта Азия және Қазақстан жастар фестивалінің» лауреаты (вокал номинациясы бойынша); 1993 жылы Алматы қаласында өткен 3-інші республикалық «Жігіттің сұлтаны» байқауының лауреаты атанған. 1998 жылы Астана қаласында өткен 1-інші халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. 2005 жылы өткен 1-інші республикалық Мәди атындағы әншілер байқауының дипломанты.

2007 жылы Литва мемлекетінің астанасы Вильнюс қаласында өткен халықаралық музыка фестивалінде өнер көрсеткен Ерлан Төлеутайды Литва ұлттық телеарнасы «Фестивальдің ең үздік өнерпазы» деп таныған. Сол себепті ол Литва ұлттық телеарнасында Италия елінің әншілермен бірге тікелей эфирде концерт беру құрметіне ие болған. Осы сапарында ол Европаға арнайы сапармен келген және фестиваль қонағы болған Жапония мемлекетінің императоры Ахихто Хирохитомен жүздесіп, сұхбаттасқан.

2008 жылы Ерлан әнші Арқа даласында өткен Қояныштағай (Қояншы, Дәулет, Таңай) асында тұңғыш рет ұйымдастырылған әншілер байқауының бас жүлдесіне ие болды.

2012 жылы Түркия мемлекетінде өнер көрсетті.

Ерлан Төлеутай көп жылдардан бері қазақ ән өнерінің тарихын зерттеу үстінде. Республикалық БАҚ-дарында, атап айтқанда, „Егемен Қазақстан“, «Алтын Орда», «Қазақ әдебиеті», «Жас Қазақ», «Алаш айнасы», «Айқын», «Алаш Орда», «Аңыз Адам», «Жұлдыздар отбасы», «Азамат», «Начнем с Понедельника» басылымдарында ән өнері және оның шығу тарихы жайында жазған мақалалары, зерттеу еңбектері, сұхбаттары жарық көріп тұрады.

2006 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан Ерлан Төлеутайдың «Баянауылдың дәстүрлі ән өнері» атты кітабы жарықққа шықты. 2013 жылы «Өнер» баспасынан өнертанушының «Жүсіпбек Елебеков» атты деректі романы оқырманға жол тартты. Әнші Қайрат Байбосыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Айбозым» (2010 жыл) кітабын құрастырушылардың бірі.

Әнші Біржан салдың, Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Естайдың, Жарылғапбердінің, Мәдидің, Иманжүсіптің, Сәкен Сейфуллиннің әндерін сүйіп орындайды.

Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Әсіресе, әнші Мақпал Жүнісова орындайтын «Япырай» (сөзі Мұқағалидыкі) және әнші Меруерт Түсіпбаева айтатын «Сен және Мен» (сөзі Жанат Әскербекқызыныкі) әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұқағалидың, Жұматай Жақыпбаев, Еркеш Ибраһим, Қайырбек Асанов, Марфуға Айтхожина, Тұрсын Жұмаш, Жанат Әскербекқызы, Қайрат Асқаров, қырғыз ақыны Әкбар Рысқұловтың өлеңдеріне жазылған көптеген әндердің авторы.

 

                    Фильмографиясы

 Ерлан Төлеутайдың режиссер ретінде түсірген фильмі:

 

  1. „Мәди“ деректі драмалық фильмі

 

Ерлан Төлеутай сценарийін жазған деректі драмалық фильмдер:

 

  1. „Абай“ 5 сериялы деректі драмалық фильмі (Қазақстан арнасы)
  2. „Мәди“ деректі драмалық фильмі (Қазақфильм АҚ)

 

Ерлан Төлеутай сценарийін жазған деректі фильмдер:

 

  1. «Тәттімбет»  («Қазақфильм» АҚ)
  2. «Қасым Аманжолов» («Қазақфильм» АҚ)
  3. «Хабибаның Жүсіпбегі» («Қазахфильм» АҚ)
  4. «Талғат Бигелдинов» («Қазақфильм» АҚ)
  5. «Зейнолла Серікқалиев) («Қазақфильм» АҚ)
  6. «Акселеу Сейдімбеков» («Қазақфильм» АҚ)
  7. «Рымғали Нұрғалиев» («Қазақфильм» АҚ)
  8. «Мен көрген соғыс» («Қазақфильм» АҚ)
  9. «Ұлытау төрінде» («Қазақфильм» АҚ)
  10. «Генерал Сабыр Рахымов» (Қазакфильм» АҚ)

 

  1. «Мәшһүр Жүсіп» («Қазақстан» ҰА)
  2. «Әбілхан Қастеев» («Қазақстан» ҰА)
  3. «Шара Жиенқұлова» («Қазақстан» ҰА)
  4. «Нәзір Төреқұлов» («Қазақстан» ҰА)
  5. «Иса Байзақов («Таң» телеарнасы)

 

 

ЕрланТөлеутай сценарийін жазған анимациялық, көркем фильмдер:

 

  1. «Тағдыр» (Түрік халық ертегісінің желісі бойынша)
  2. «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» (1-бөлім)
  3. «Ер Төстік және Айдаһар» (бұл фильмнің диалогтарын жазған)
  4. «Жау жүрек мың бала» (бұл фильмнің диалогтарын жазған)
  5. «Алмас қылыш» (бұл фильмнің диологтарын жазған)
  6. «Қазақ Хандығы» 20 сериялы тарихи драмалық сериалы (бұл сериалдың диологтарын жазған)

 

Ерлан Төлеутай редакторлық еткен көркем фильмдер:

 

  1. «Жау жүрек мың бала» көркем           («Қазақфильм» АҚ)
  2. «Құнанбай»
  3. «Сүйінбай»
  4. «Дала даусы»
  5. «Ер Төстік және Айдаһар»
  6. Анаға апарар жол
  7. «Аманат»

 

Ерлан Төлеутай редакторлық және кеңесшілік еткен деректі фильмдер:

 

  1. «Әлкей Марғұлан»  («Қазақстан» ҰА)
  2. «Мәшһүр Жүсіп»
  3. «Халел Досмұхамедев»
  4. «Санжар Асфендияров»
  5. «Бейімбет Майлин»
  6. «Сәкен Сейфуллин»
  7. «Ілияс Жансүгіров»
  8. «Смағұл Сәдуақасов
  9. «Сұлтанмахмұт Торайғыров»
  10. «Қаныш Сәтбаев»
  11. «Дмитрий Снегин»
  12. «Евгений Брусиловский»
  13. «Әбілхан Қастеев»
  14. «Кәукен жұлдызы» (Қазақфильм» АҚ)

 

Ерлан Төлеутай түскен фильмдер: (Ойнаған рөлдері)

 

  1. «Жау жүрек Мың бала» – Төле бидің кеңесшісі
  2. «Құнанбай» –  Жанақ ақын
  3. «Мәди»                          –  Мәди
  4. «Однокласники» –  құс фабрикасының инженері
1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282