Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3112 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 04:26

Президент денсаулық сақтау министрі қызметіне Қайырбекованы тағайындады

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен денсаулық сақтау министрі қызметіне Салидат Қайырбекованы тағайындады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Салидат Зекенқызы Қайырбекова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды», - делінген Ақ орданың ресми сайтындағы ресми ақпаратта.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бейсенбі күні денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.

«Иә, премьер  жаңа денсаулық сақтау министрін таныстырғаны рас, бұл қызметке Салидат Қайырбекова тағайындалды, ол бұрын осы ведомствоның вице-министрі болған», - деп мәлім етті ҚазТАГ тілшісіне бейсенбі күні премьердің баспасөз қызметінің қызметкері.

Еске сала кетейік, 21 қырқүйекте денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады, алайда 2 қазанда қаржы полициясының қызметкерлеріне Ж.Досқалиевті қамауға алуға санкция берді.

Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377