Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 8960 0 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 14:10

Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан

1. Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.

2. Бірде-бір елде әскери сәлем сол қолмен берілмейді.

3. Антарктиданың халықаралық телефон коды - 672.

4. Капитан Кyк Жердің барлық бөлігіне аяқ басып, Антарктиданы ғана көрмеген бірінші адам.

5. Батысафрикалық матами тайпасы футболды адамның бас сүйегімен ойнағанды жақсы көреді.

6. Ағылшын кітапханаларында көбіне Гиннестің рекордтар кітабы ұрланып тұрады.

7. Шимпанзелер төбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп тұрады.

8. Монаконың ұлттық оркестрі мемлекеттің әскерінен көп.

9. Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.

10. Канада ауданы жағынан Қытайдан, ал Қытай АҚШ-тан үлкен.

11. 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел - Ватикан.

12. Ніл екі рет мұз құрсанған - IX бен XI ғасырда.

13. Көне Шығыста қытыққа қатал тыйым салған уақыттар болған. Күнә жасауға итермелеуі мүмкін екендіктен.

14. Лас-Вегастың ойынханаларында сағат жоқ.

15. Эскимостар тілінде "қар" атауына байланысты 20 сөз бар.

16. Италиядағы Барби қуыршақтары Канададағы канадалықтардан көп.

17. Франциядағы заң адамның бет-әлпетімен туыс емес қуыршақтарды сатуға тыйым салады. Мәселен, бөгде ғаламшарлық.

18. Канада БҰҰ шешімімен соңғы 5 жылда 4 рет өмір сүруге ең қолайлы аумақ атанып отыр.

19. Ежелгі Римде науқас операция үстінде өліп кетсе, дәрігерлер жаза орнына қолын кесіп тастаған.

20. Біз білетін Мона Лизаның біз білмейтін алғашқы үш нұсқасы бар. Рентген дәлелдеуде.

21. Адам басының орташа салмағы 3,6 келіні құрайды.

22. Әлемде ең көп орындалатын ән  - Haррy birthday to you - авторлық құқығы сақталған.

23. Үрейлі фильмдердегі қорқыныш тудыратын музыкалар “вотерфон” деп аталатын аспаптың көмегімен шығарылады.

24. Сағат жарнамаларына ортақ бір қағида бар - сағат тілін 10:10 деп түзету. Бұлай жасаудың бар сыры, сағат тілі логотиптерді жауап қалмауы үшін.

25. Әйелдің қолымен түсірілген вестерн жанрында жалғыз ғана кино бар.

26. Кэмерyнның "Титаник" фильмінде ең көп айтылатын сөз - Роза.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

massaget.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532