Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6626 2 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 09:39

Президент Мирзияевтің жеке күзетін күйеу баласы басқарады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстан мен Түркіменстанға жасаған сапарларындағы суреттерден мемлекет басшысын күйеу баласы күзетіп жүргенін көруге болады.

Мирзияевтің 22-23 наурызда Астанаға сапары кезінде Қазақстан президентінің akorda.kz сайты жариялаған суретте өзбек басшысының күйеу баласы Отабек Шаханов атасының артында тұр. Шаханов мойнына президенттің жеке күзеті қызметкерінің бейджін тағып алған.

Centre1.com интернет басылымының хабарлауынша, Отабек Шаханов есімі Астанаға барған Өзбекстан делегациясы мүшелерінің тізімінде тұр.

Бұған дейін Eltuz.com басылымы Мирзияевтің күйеу баласы Отабекті қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алғанын жазған еді. Мәліметтерге қарағанда, Отабек Шаханов биыл қаңтардың басында президент қауіпсіздігі қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Дегенмен Мирзияевтің кіші күйеу баласы Отабев Шахановтың осындай қызметке тағайындалғаны туралы ресми ақпарат әлі таратылған жоқ.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642