Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 9523 13 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 01:17

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Сіз үшін мұғалім кім? Қоғамның айнасы, заманның жаршысы,  жеткіншек жас ұрпақтың мінсіз ұлы тұлғасы ма? Алқалы топта ақ жағалылармен иық тіресіп төрден орын алатын төреге лайық құрмет иесі ме?

«Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман» дейді қазақ.  Мұғалім мәртебесі,  мұғалім беделі,  мұғалімнің жай-күйі жайлы сан мәрте айтылып та, жазылып та жүр.  Баяғы жартас сол жартас,  жаңғырық боп қалады, әрдайым. Ұстаздың жанайқайын саңырау-мылқау қу жартас қайдан ұқсын?

Міне, көктемгі науқан басталды. Бұл  суреттегілер «көше  тазалықшылары»  емес, ұстаздар!

Бұл  Алматы обылысы, Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясының мұғалімдері.

Алты алаштың басы қосылғанда төрден орын алатын  ұстаздарымыз қоқыс теріп, көше бойын тазалауда. Күні кеше ғана ұстаздар қауымына ара түсіп, əріптестерін «əкімшілік  жұмыстарынан арашалап аламын»  деген  министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев мырза сөз беріп еді. Сол сөзі әншейін бір құрғақ уəде болып қалғаны  ма?  Əлде əкімдік  тегін  еңбек күшінен  оп- оңай айырылғысы келмегені  ме? Олар ұстаздар қауымын қойдай  тоғытып, қозыдай көгендеп қоғамдық жұмысқа сала бермек пе? ...

Бəзбіреулер бұны «отансүйгіштік» деп ақталатын болар, ал мен үшін бұл ұстаз мəртебесінің  тым  төмендігінің белгісі...   Ұстазының   жұпыны  киініп, күл-қоқысты  теріп  жүргенін  көрген  оқушы  қалай  ғана  мұғалімге еліктеп  өседі? Олар үшін ұстаз – көмпіс те, қораш, бейшара  қауым боп  көрінбейме?!.....

Мұғалімге қарап бой түзейтін қоғам мен оқушы жоқ қазір. Өйткені, мұғалім қолына күрек, сыпыртқысын көтеріп, қап арқалап көше тазалып жүрсе, оған қарап кім бой түземек? Әкім-қараның қол баласы болып, үй аралап, санақ жүргізсе, сайлаудағы үгіт-насихат үшін кім көрінгеннің есігін қағып, жәутеңдеп қабағын бақса, ұстаз қалай ғана төредей төрден орын алмақ? «Ит көзі түтін танымас» деген осы емес пе?

Алатаудай атынан  ат емес атан үркетін, өсер елдің ертеңі,  ұлт қамы,  ұрпақ болашығы үшін  жанын  салып жүрген ұстаздарымыздың қоғамдағы бүгінгі орны мен бейнесі осы.

Министр сөзінде тұрса, беті бері қарар еді-ау, мына қоғамның...

Дәлел Жанатұлы, ұстаз

Abai.kz

 

 

 

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236