Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4424 0 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 12:26

Жерді қару-жарақ қоймаларына жақын бермеу керек - министр Жасұзақов

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жер учаскелерін қару-жарақ қоймаларына жақын бермеу қажеттігін еске салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мен әкімдерге бір мәселені жеткізейін деп едім. Қазір заң бойынша кейбір нысандар, әсіресе, қару-жарақ қоймалары айналасындағы қауіпсіздік аймақтары анықталған. Сондықтан жергілікті жерде xалыққа жер учаскелерін бергенде осыны ексеруді сұраймын. Себебі жеке тұрғын үйлерді саламыз деп, олар қару-жарақ қоймаларына жақындап келеді. Ал біздегі қоймаларда жойқын қару-жарақтар бар, қандай да бір диверсиялық әрекеттер кезінде xалыққа да, құрылыс нысандарына да қауіп төнуі әбден мүмкін", - дейді Жасұзақов.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Санкт-Петербургтағы террактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа түсініктеме берді.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379