Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4375 1 пікір 5 Сәуір, 2017 сағат 09:58

Мұхамедиұлы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар ШЫҰ мүше мемлекет басшыларының Саммитін өткізу және Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашу аясында ортақ мәдени және спорт шаралары жоспарын талқылады.

Әңгіме барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық даму аясында екіжақты қарым-қатынастардың жоғарғы деңгейін атап өтті.

ШЫҰ бас хатшысы Қазақстанның төрағалығымен өтетін алдағы ШЫҰ Саммитін ШЫҰ мүше мемлекеттері құрамының кеңеюі мен Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің ұйым құрамына кіру аясында тарихи оқиға екендігін атап өтті.

«Мәдениет оң саяси шешімдер қабылдауға игі әсер етіп, ел бірлігінің нығаюына себеп болып, адамдар арасындағы ынтымақтастықты бекітеді. Астана саммитінің қорытындысы ШЫҰ халықаралық аренадағы орнын айқындай түсіп, біздің елдер арасындағы өзара тиімді және көпжоспарлы мәдени ынтымақтастыққа өз әсерін тигізеді деген сенімдемін» - деп атап өтті Рашид Алимов.

Өз кезегінде А. Мұхамедиұлы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдегі серпінді дамып келе жатқан аймақтық бірлестіктердің бірі екендігін атап өтті.

«Бізді ШЫҰ-ның мәдени бағытының дамуы қуантады. Қауіпсіздік, сауда және коммуникациямен қатар, мәдениет те ұйым қызметінің маңызды бағыттарына айналып келе жатыр. Оған ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімдері аясында (келісім шеңберіндегі дәстүрлі екіжылдық іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ ШЫҰ мәдениет министрлерінің жыл сайынғы жиыны) біздің мемлекеттердің белсенді қызметінің дәлелі бола алады» - деп атап өтті қазақстандық ведомства басшысы.

Әңгіме барысында атап өтілгендей,  Ұйымға мүше мемлекеттер аумағында мәдениет пен өркениет сұқбатына, тәжірибе мен білім алмасуға сеп беретін музыка, бейнелеу өнері және сәндік-қолдаңбалы шығармашылық саласында жыл сайын іс-шаралар өткізеді. Мәдениет саласындағы үлкен әлеует мемлекеттерге  кинематография, архив, музей және баспа ісі, баспа өнімі туындыларын аудару, кітап көрме-жәрмеңкелерін өткізу салаларындағы жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ШЫҰ мүше мемлекеттер министрлерінің 14-жиынына, Астанада алдағы Саммит шеңберінде өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттердің өнер фестиваліне дайындығының белсенділігін атап өтті. ШЫҰ бас хатшысы мен Қазақстанның мәдениет және спорт министр ЭКСПО-2017 барысында ШЫҰ күндері аясында ШЫҰ кезекті марафонын өткізу және ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347