Қасқабас Қазақ. Ал енді туған күніңізбен, Владимир Владимирұлы!
Кеше ғана порталда Ресей жастарының билікке жағынып, "туфли жалаудың" «ең озық үлгілері» туралы хабардар еткен болатынбыз. Араға екі күн салып орыс интернетін Владимир Путиннің туған күніне «сыйлық» ретінде Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистка факультетінің студент қыздары тыр-жалаңаштанып суретке түскен эротикалық күнтізбесіне сайқымазақ пародиялар кезіп кетті. Және де, айта кету керек осындай пародиялардың да, оларды қараушы интернет-тұтынушылардың да саны санап өсіп келе жатыр.
Артық қылам деп, тыртық қылды деген осындай болады. Жалтырағанның барлығы алтын емес, әр асқанға бір тосқан деген. Аса сүйікті басшыларын мадақтаймын деп, мазаққа айналдырды орыстың болашақ журналист қыздары.
Бұған не деуге болады? Әй жарайсыңдар, орыстың жас интернетшілері! Бәлкім, бірте-бірте осындай қадамдар арқылы Ресейді де салиқалы, демократиялы елдердің қатарына қосатын шығарсыңдар...
"Абай-ақпарат"