Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4201 0 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 11:44

Бішкекте "Ақ үй" алдында Дача-СУ тұрғындары митингке шықты

Бішкекте президент резиденциясы жанында Дача-СУ тұрғындары митингке шықты. Олар қауіпті аймақта тұратындарды көшіріп, "Боинг" ұшағы апатынан зардап шеккендерге жәрдемақы беруін талап етеді.

Наразылық білдірушілердің қолында "Учак үнүнөн коркобуз" ("Ұшақ үнінен қорқамыз"), "Учак кайрадан кулабайт деп ким кепилдик берет?" ("Ұшақ қайта құламайды деп кім кепіл береді?") деген плакаттар бар. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің есебі бойынша, митингке 100-150 адам шыққан. Алайда митингті ұйымдастырушылар 300 адам шықты дейді.

Қырғызстан үкіметінің Шу облысы бойынша өкілі Турусбек Султаналиевтің айтуынша, Дача СУ тұрғындарын көшіру үшін Бішкекке жақын аудандарда бос жер жоқ. "Ал Жайыл, Панфилов және Мәскеу аудандарына көшуге олар келіспей жатыр", - дейді шенеунік.

Ол сонымен бірге үкімет зардап шеккендердің нақты тізімін шығарғанын, төтенше жағдайлар министрлігінің есеп шотына түскен 100 миллион сом оларға бөліп берілетінін айтты.

«Боинг-747-400» жүк ұшағы 2017 жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 7.20 шамасында «Манас» әуежайына жақын Дача СУ ауданына құлады. Апат салдарынан 39 адам қаза тапты. Оның төртеуі экипаж мүшесі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1250
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2774
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 898
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 845