Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 3840 2 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 19:32

Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды.

М.Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, Елбасыға партия өкілдерінің өңірлердегі жұртшылықпен кездесулерінің қорытындылары және күнделікті қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берілді.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052