Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
6496 1 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 10:21

Мирзияев сынынан соң Ташкентті бордельдерден тазарта бастады

11 сәуірде өткен видео-селекторлық жиналыста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев астананың Чиланзар ауданы басшыларын бұл ауданды бордель басып кетті деп сынады. Президент ескертуінен соң осы аудандағы кафелер мен түнгі клубтарда тексеру жүргізілді.

Чиланзар ауданы ішкі істер басқармасы шенеунігінің хабарлауынша, үш күнде 58 нысан – түнгі клубтар, кафелер, сауналар және жеке үйлер тексеріліп, жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен 38 адам ұсталған.

"Ұсталғандарға айыппұл салынып, оларды Сергелі ауданындағы тері-венерологиялық диспансеріне жіберілді", - деді ол.

Ташкенттің Чиланзар ауданында тұратын журналист Бобомурод Абдулла милицияның мұндай әрекетінен түк шықпайтынын айтты:

"Соңғы уақытта Ташкенттің бұл ауданы жезөкшелердің ордасына айналды. Олар Катартал көшесінің бойында тізіліп тұрады. Соның кесірінен біз күндіз балалармен серуендей алмайтын болдық. Бірақ милицияның қолына түскен жезөкшелерге не болады? Мен бұны зерттеп көрдім. Олардың қыздарды ұрып, зорлаған кездері болған. Күшпен тексеру жүргізу әрекетінен түк шықпайды", - деп есептейді журналист.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730