Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 4111 11 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 10:06

Жазушылар Елбасыға не айта алды?

Елбасы белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаевтармен кездесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сәттілік тіледі, сондай-ақ оларға ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.

Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды.

Тәуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мәселелері талқыланды. Мәселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мәдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ әлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы әңгімеге арқау болды.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

Абай-ақпарат

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377