«Ескерткішті қойған қазақ жастары...»
Қазақ үшін Жүсіпбек Аймауытовтың кім екенін, қазақ тарихы мен әдебиетінде бұл есімнің қандай орын алатынын айтып жату артық.
Бектұр Аймауытов (1916 - 2008) – сол Жүсіпбек Аймауытовтың тұңғыш ұлы. Әкесі репрессияға ұшыраған соң Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, 1930 жылдан бастап Ресейде тұрған. Асылдың сынығы. Көненің көзі. 1937 жылы халық жауының баласы ретінде сотталып, Сталин лагерьлерінде кесімді он жылын өткізген соң Ресейдің Сібір өлкесіндегі өндірісті қалаларында жұмыс істеген.
Ол кісі отанына 2006 жылы тоқсанға қараған шағында оралды. Жалғыз, панасыз қария пойыздан түсе сала Әдебиет институтына тартады. Әкесінің қадірін анық білетін жандардың сонда шоғырланғанына сенгендіктен шығар.
Институттың ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшанұлы қарияны үйіне апарып бірнеше күн қонақ қылады. Олар, Жүсіпбектанушы Нұржан Қуантайұлы екеуі жұмылып, әкімшілік арқылы Бектұр Жүсіпбекұлын Алматы қаласындағы Ардагерлер үйіне орналастыруға ықпал етеді. Бектұр ата сол жерде көз жұмды...

Әңгіме осымен тәмамдалар ма еді, егер 2008 жылы көктем айында «Жас қазақ» газетінде «Бектұр Аймауытовтың сүйегі қайда?» деген шағын мақала жарық көрмесе. Журналист Еренғайып Қуатайұлы тектінің тұяғы Бектұрдың қайтыс болғанын жазып, бірақ оның қайда жерленгенін ешкім білмейтінін айтып дабыл қақты. Журналистің өтінішімен Саяси мәдени және өнертану институты жанынан арнайы топ құрылып, Аймауытовтың сүйегі табылады.
Өмір бойы намазын қаза қалдырмаған Бектұр Аймауытов орыс зиратына жерленіпті. Сары төмпешікке 92675 деген нөмір таңбаланған күректің сабы шаншылыпты.
Бұл, әрине, біздің әрқайсымыздың намысымызға сын. Жат елде ғұмырын өткізіп, басы жерге жеткен кезде елім деп келген жетім қарияны, белгісіз, көп қазақтың бірі емес, ел басына күн туған қиын қыстау кезде жан сауғаламай:
«Арғы атам – ер түрік,
Біз қазақ еліміз!
Самал жел, сайран тау,
Сарыарқа – жеріміз!» -
деп жырлаған Жүсіпбек Аймауытовтың тұңғыш ұлының осындай жолмен қайтыс болуы, ақыр аяғында қабірге нөмірленіп салынуы сөзсіз тіріге салмақ, ел басында жүрген азаматтарға сын.
Дегенмен қазақ «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» дейді. Біз қалай дегенмен де, асылдың қадірін білетін, жақсысы мен жайсаңын қорлыққа қимайтын халықпыз. Негізіміз солай. Жоғарыда есімдері аталған қазақ жастарының және оларға тілектес өзге де көптеген азаматтардың арқасында, Мемлекеттік тілді дамыту перзиденттік қорының қолдауымен 2009 жылдың 29 мамыры күні Бектұр Аймауытовтың басына ескерткіш тас қойылып, құран оқылды.
Қабір басында сөз сөйлеген Сұмағұл Елубаев «Жастардың бұл ісі бізге үлгі боларлықтай екен» деді. Марқұмның жамбасы тиген жерге (Алматы облысы, Бұрындай елді мекені) «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Карин, Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының жетекшісі Берік Әбдіғалиев, Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының жетекшісі Айдос Сарым бастаған жас зиялы қауым бір шоғыр болып жиналып барды. Белгітсата «Ескерткішті қойған қазақ жастары» деген жазу бар.
(Марқұмның жамбасы тиген жерге негізінен христиан дінің өкілдері жерленген. Суреттерді фотоайғақтан көре аласыздар).
«Абай-информ»